Мойынқұм ауданының орталық ауруханасына реанимобильді автокөлік табысталды

0 16

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Мойынқұм ауданына сапары барысында бірқатар тапсырмалар берген болатын. Осыған орай аудандық орталық ауруханаға 1 реанимобильді автокөлік табысталды, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Тапсырма аясында облыстық бюджеттен 45 млн теңге бөлініп, медициналық барлық керек-жарақпен қамтамасыз етілген көлік алынды.

Автокөлік кілтін аудан әкімінің орынбасары Амангелді  Нәметқұлов  табыстап, еліміздегі коронавирус пандемиясы кезінде қажыр қайратпен қызмет етіп жатқан дәрігерлерге ризашылығын білдірді.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.