Ырза Тұрсынзада көп балалы аналар мен іскер әйелдер қауымдастығы мүшелерімен кездесті

0 11

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Парасаттылық департаментінің басшысы Ғанижан Асанұлы және Агенттік жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Ырза Тұрсынзада көп балалы аналар мен іскер әйелдер қауымдастығы мүшелерімен кездесу өткізді, деп жазады “ZhambylNews” AA.

Жемқорлыққа қарсы тұратын үлкен күш – ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан пейілі, ниеті. Өкінішкке орай ұлттың пейілі, ниеті де тарылып кетті. Жетімін жылатпаған, жесірін жат жұртқа бермеген ұлттық санасы қазір тозып жатыр. Осыған қарсы шыға алатын — қазақ қызының ар-намысы, қазақ анасының пейілі. Әйелден ар кетсе, намыс кетсе, қоғамнан намыс кетеді. Күні-түні еңбек ететін ер азаматтарымыздың рухын асқақтататын — осы әйел қауымы. Олар түзу болса, ер азаматты сен елдің азаматысың деп шығарып салса, ол ел үшін қызмет етеді. Оны көріп отырған бала-шағасы да түзеледі. Соған қарап бой түзейді. Сондықтан бұған әсер ету үшін әйелдің ар-намысын ояту керек, — дейді Тұрсынзада «Бақытты отбасы» отбасы орталығында өткен кездесудесу барысында.

Жалпы орталықта тұрғындарға әлеуметтік қызметтер мен құқықтық кеңестер ұсынады.

«Бақытты отбасы» ғимаратында өткен жиын соңында қатысушылар орталықтың жұмысымен танысты.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.