Жаңатас қаласында «BizBirgemiz» акциясы өтті

0 0

Жаңатас қаласында Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «BizBirgemiz» акциясы өтті, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Игі бастама жастарды қоғамдық шараларға тарту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Акция барысында Жаңатас қаласында жұмыс жасап жүрген қоғамдық жұмысшыларға ыстық шәй мен тәтті бәліштер үлестірілді.

Сондай ақ, Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен қаламыздағы тұрмысы төмен көп балалы отбасыларға планшет таратылды.

Акцияға қолдау көрсеткен барша жастарға аналар алғысын білдіріп, жұмыстарға сәттілік тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.