Мойынқұмда «Күміс көмей әншілер» аудандық байқауы өтті

0 13

Мойынқұм аудандық мәдениет үйінде «Күміс көмей әншілер» атты халық әндерін орындаушылардың аудандық байқауы өтті, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Қазақ фольклоры мен музыкасын сақтау және насихаттау, халық әндерін жастар арасында кеңінен таратып, таныту мақсатында өткен шараны елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Дала фольклоры мен музыкасының 1000 жылы» арнайы жобасы аясында Мойынқұм аудандық мәдениет үйі ұйымдастырып отыр.

Шара барысында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қ. Әбілдаева байқауды ашып, қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі.

15-35 жас аралығындағы қатысқан өнерпаздар халық әнін орындау және заманауи әнді нақышына келтіріп орындау бойынша екі кезеңде бақ сынады.

Жас әншілер әнді орындап қана қоймай, тарихи құндылықтарымызға ден қойып, фольклорлық мұраға жаңа дем берді. Ең басты талап әнді жанды дауыста орындау.

Шарада аудандық мәдениет үйінің беткеұстарлары Медет Калиакпаров, Ғалымжан Иетаев, Ерлан Айтқабыл қазылық етті. Қазылар алқасының шемімімен «Бас жүлде» Жамбыл ауылдық Ақбөпе Мұратқызына, 1- орын Биназар ауылдық Бақытжан Қияшқа, 2-орын Биназар ауылдық Іңкәр Жеңіс пен Бірлік ауылдық Арайлым Кариеваға, 3-орын Назарбеков ауылдық Дана Ақылхан мен Мойынқұм ауылдық Бақытжан Ибраевқа бұйырды. Ал, қалған  үміткерлер байқауға белсенді қатысқаны үшін Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М. Мұқашевтің «Алғыс хаты» мен бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.