Бүгінде Жаңатас қаласында «Zhanatas Jastary» еріктілер қоғамының жетекшісі Бауыржан Балғабай бастаған игі істердің ұйымдастырушысы, Жастар ресурстық орталығы және аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге қайырымдылық шаралары жүргізуде, — деп жазады «ZhambylNews» АА.
Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.
Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбейіп келеді.
Қайырымдылық шараларасында аудандағы көп балалы отбасы, аз қамтылған және толық емес отбасы қатарларына азық-түлік пен қамтамасыз ете отырып, жылулық сыйлады. Аталмыш отбасылар өз алғыстарын айтып, қуанышқа бөленді.