Жамбылда тұрғындардың 79,1% сақтандырылған

0 17

Жамбыл облысында 1,1 млн тұрғынның 896 998-і немесе 79,1% сақтандырылған. Қалған 239 224 адам сақтандырылмаған. Бұл туралы ӨКҚ алаңында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Мавлюда Боқаева баяндады, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Спикердің айтуынша, ағымдағы жылдың 1-шілдесінде Жамбыл облысында сақтандырылмағандардың саны 280 мың болса, желтоқсан айында 25%-дан 20% дейін қысқарған.

— Сақтандырылмағандарды құрылымына қарай бөлетін болсақ, 118 мыңнан астамы – БЖТ төлеушілер. Олар төтенше жағдай кезінде бір реттік жәрдемақы алу үшін БЖТ төлеп, кейін тоқтатып тастаған болуы мүмкін. Тағы 67 825 адамның әлеуметтік статусы белгісіз, яғни өткен 11 айда олардың атына бірде-бір рет төлем түспеген.
Сақтандырылмағандардың 43 103 – жұмыскерлер. Кейінгі айларды әртүрлі себептермен олардың атына сақтандыру төлемдерін аудару тоқтатылған. Бұл санаттың ішінде жыл соңына дейін салықтан босатылған шағын және орта бизнес нысандарының қызметкерлері де болуы мүмкін. 6072 – жеке кәсіпкер, 2 258 – азаматтық құқықтық келісім шарт арқылы жұмыс атқаратындар, 1 122 -дербес төлеуші, — деді Мавлюда Боқаева.

Аймақта кейбір кәсіпкерлік нысандары жыл соңына дейін сақтандыру төлемдерінен босатылған. Жалпы, Жамбыл облысында 5 387 астам шағын және орта бизнес нысанына жеңілдік беріліпті. Олардың 4 792-ы немесе 89% жұмысшыларын сақтандырған болса, қалған 595-тен астам кәсіпорын қызметкерлері сақтандыру жүйесінен тыс қалған. Сондықтан спикер: «Осы мәселені жұмыс берушілердің есіне тағы бір рет салғым келеді», — деп айтып өтті.

Биылғы жылдың 11 айында қорға еліміз бойынша 222,5 млрд. теңгеге жуық қаржы жинақталған. Ал Жамбыл облысынан 7,4 млрд. теңгеден астам жарна аударылыпты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.