Мойынқұм ауданында 37 мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 76 пайызы автоматтандырылған

0 10

Мойынқұм ауданы бойынша 37 мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 76 пайызы автоматтандырылған. Бұл «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының нәтижесі, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік қызметті автоматтандыру «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының аясында жүргізілуде. Үйден шықпай-ақ электронды түрде тіркелу мен құжат алуды, мемлекеттік қызметтің жаңа түрлерін қазір ата-аналар да жетік меңгерген. Олар үйде отырып-ақ жеке тұлғаның электронды цифрлы қолтаңбасы арқылы электрондық үкімет веб-порталындағы «edu school» сайтына өтініш пен қажетті құжаттардың нұсқасын енгізіп, таңдаған мектебіне баласын орналастыра алады. Мәселен, аталған қызмет бойынша, 2020 жылы Мойынқұм ауданында 597 бала білім беру ұйымдарының 1-ші сыныбына қабылданды. Оның ішінде, тек 30-ға жуық ата-ана электронды түрде құжат өткізу үшін білім бөлімінің консультациясына жүгінген. Осы деректерге сүйене отырып, халық арасында мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық үкімет веб-порталы арқылы жүзеге асырылуы өте жақсы деңгейде деуге толық негіз бар.

Білім саласында бұдан бөлек, Мойынқұм ауданы бойынша 37 мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 76 пайызы автоматтандырылған.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.