Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Биназар ауылында жасанды төсеніші бар кіші футбол мен стритворкаут алаңшалары ауыл тұрғындарына қолданысқа берілді, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Іс шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Сабит Төлегенов, Биназар ауылының әкімі Б.Наурызбаев, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Қалдыбеков, Биназар ауылы қоғамдастық ұйым төрағасы А.Қыбыраев, сазгер, ақын Б.Әбішев, іскер әйелдер ұйымының төрайымы Г.Дүйсекешова және Биназар ауылының төбе биі, спорт ардагері Д.Қыдырбаев қатысты.
Сондай-ақ, мерекеге орай ауыл тұрғындарын құттықтап, ізгі ниеттерін айтып, ауыл жастарына спортпен тұрақты айналысу қажеттігін, індет кезінде жиі қозғалыста болу қажет екендігін айтты.