Мойынқұм ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының аясында 1387,0 млн. теңге бөлініп 52 жоба қаржыландырылған, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.
— Бағдарламаның мақсатты түрде орындалуы – ел саясатының дұрыс бағытта жүріп жатқандығының көрінісі. Сондықтан, бұл үлкен жауапкершілікті қажет ететін іс. Аталған бағдарламадағы нысандар бойынша 462 жұмыс орындары ашылса, аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 236 жұмыссыз жұмыспен қамтылды, — дейді аудан әкімі Мәден Мұсаев.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру мақсатында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жалпы құны 426,3 млн. теңгені құрайтын «Қылышбай ауылындағы ауыз су ғимаратының және су құбыры құрылысының 2-кезеңін салу» жобасына биылғы жылға 302,0 млн. теңге қаражат қарастырылған.