Жамбыл ауданында тышқан жылы 2400 гектарға пияздың универс, манас, пандора, голандт сұрпы егіліп, одан 120 000 тонна өнім алынды. Ал үстіміздегі жылы пиязды дәл осы жер алқабына орналастыру жоспарда бар, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Табыстың тайқазанын тасытуға көбіне су тапшылығы үлкен әсер етуде. Жамбылдық шаруалар тіршілік көзінен тарықпайтын болса, егістік көлемін ұлғайтуға ниетті.
Бұл баспасөз қызметі тарапынан жүргізілген сауалнамада анық байқалған болатын.