Мойынқұм ауданындағы Шығанақ ауылдық округінің әкімі Е.Үсенов Бурылбайтал станциясы мен Байтал ауылының тұрғындарымен кездесіп, өткен жылы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.
Кездесу барысында ауыл тұрғыны ауылды көгалдандыру жөнінде ұсынысын жеткізді. Енді бірі Байтал атауын бұрынға тарихи Бұрылбайтал атауына өзгерту туралы ауыл тұрғындарының пікірлерін білдірді.
Сондай-ақ ауылдағы басты мәселелердің бірі Байтал ауылындағы Шығанақ орта мектебінде оқитын оқушыларды тасымалдайтын шағын автобустың болмауы. Ауыл тұрғындары сол үшін автобус бөлінсе деген ұсыныс айтты.
Жиынның соңында округ әкімі барлық мәселелер толық қаралатындығын және айтылған ұсыныс, өтініштер назарға алынып бақылауда болатындығын айтты.