Тараз қаласы коронавирустың таралуы бойынша «сары аймаққа» кіруі мүмкін

0 16

Тараз қаласы бойынша коронавирус инфекциясыны эпидемиологиялық жағдайы көңіл көншітпейді. Жыл басталғалы бергі кезеңде 240 адам ауруға шалдыққан. Олардың 70%-да инфекция белгілері байқалса, ал қалған 30%-да клиникалық белгілері жоқ. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаев айтты, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Сондай-ақ, қаланың бас санитарлық дәрігері Рита Алтынбасова да қатысып, кесел көрсеткішіне байланысты соңғы ақпараттармен бөлісті.

Алмас Қадырбекұлының айтуынша, бүгінгі таңда КВИ диагнозымен 97 науқас ауруханада ем қабылдауда, оның ішінде 2 ауыр жағдайда, 2 науқас ИВЛ аппаратына қосылған болса, 16 адам емделіп шыққан. Тұрғындардың сақтық шараларын ұстанбауының салдарынан ауруға шалдыққандардың саны күн санап артып келеді. Бас санитар дәрігер де жағдайдың қиындағанын жоққа шығармады.

— Қазір Тараз қаласы бойынша КВИ-дың эпидeмиологиялық жағдайы қолайсыз екендігін айта кеткім келеді. Карантин шараларын әлсірету сәтінен бастап аурушаңдықтың тұрақтану, төмендеу үрдісі байқалмайды. Ал ауруды тез қабылдайтындар қатарында зейнеткерлер мен жұмыссыз адамдар көш бастап тұр. Карантиндік шараларды күшейтуге байланысты қосымша жұмыстарды қолға аламыз, — деді. Р. Алтынбасова.

Айта кетейік былтыр Таразда коронакеселге байланысты 2260 жағдай тіркелді, пневмония бойынша 250 адам ауырған. Өткен жылы шектеу шараларын сақтамағаны үшін 228 әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылып, 50 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.