Облыстағы 23989 педагогтың лауазымдық жалақысына 30 % үстемақы қосылды

0 28

Бүгінгі күні облыс мектептерінде 26632 педагог қызмет атқарады. Оның 24656-сы жоғары білімді. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 23989 педагогтың лауазымдық жалақысына 30% үстемақы қосылса, педагогикалық-шеберлік санаты үшін 14286 мұғалімге 30-50%қосымша ақы төленуде, — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті облыс педагогтарына қашықтан оқытуда әдістемелік көмек көрсету мақсатында 200-ге жуық іс-шара өткізіп, оған облыстағы 21 418 (81,8 %) педагог қамтылды.

Бұдан бөлек, қашықтан оқыту жағдайында мұғалімдердің жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында Youtube желісінде 18 канал ашылып, үздік педагогтардың 736 бейнесабағы жарияланды.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.