Ақсай ауылдық округіне қарасты Диқан ауылында тұрғындардың күшімен 1991 жылы салынған мектеп биыл қайта салынатын болды. Қабырғасы балшық кірпіштен қаланған бұл шағын білім ошағында биылғы оқу жылында мектепалды даярлық тобы мен 11 сыныптың аралығында барлығы 219 оқушы екі ауысымда білім алуда,-деп жазады Zhambylnews AA.
Ақсай ауылдық округінің және ауданы әкімінің тұрғындар алдында есеп беру жиындарында үнемі көтерілетін проблемалардың бірі ауылдық округке қарасты Диқан ауылына жаңа мектеп ғимаратын салу мәселесі болатын. Биыл №27 Диқан орта мектебінің 180 орындық жаңа ғимараты бой көтереді деп күтілуде. Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс басқармасының мәліметінше, биыл жүзеге асырылатын бұл құрылыс жобасының жалпы сметалық құны – 594 миллион 176 мың теңгені құрайды. Тапсырыс беруші Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы. Құрылыстың басталуы ағымдағы жылы басталып, жыл аяғына дейін аяқталмақ.
Айта кетсек, Диқан орта мектебінің ескі ғимараты ауыл тұрғындарының күшімен 1991 жылы . Қабырғасы балшық кірпіштен қаланған бұл шағын білім ошағында 219 оқушы екі ауысымда білім алуда. Ыңғайластырылған аядай ғана мектепте сегіз оқу кабинеті бар. Типтік ғимарат болмаған соң мұнда спорт залы, акт залы, асхана және зертханаға арналған кабинеттер қарастырылмаған.