Биыл жаңа бизнес-идеяларды, стартаптарды іске асыру бойынша Жуалы ауданында барлығы 80 қатысушыға жалпы сомасы 46 млн. 672 мың теңге қайтарымсыз гранттар беру жоспарлануда, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Бүгінгі таңда 200 әлеуетті қатысушы құжаттарын тапсырып, комиссия отырысына наурыз айында жолданады.
Кәсіпкерлік ісін ашуға ниет білдірген үміткерлерді «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы арқылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2021 жылы кәсіпкерлік негіздеріне 230 адамды оқыту жоспарланып, сәуір-тамыз айлары аралықтарында оқытылады.