Халықаралық ХVI «JUIDYZAI» балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі өтті

0 1

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай облыстық «Болашақ» арнайы мектеп-интернатының базасында Халықаралық ХVI «JUIDYZAI» балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі өтті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Фестивальға облыстағы арнайы мектеп-интернаттарынан, жалпы білім беретін мектептерден, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінен 10 мен 18 жас аралығындағы арнайы білім беру қажеттіліктері бар 67 бала қатысты.

Байқау қатысушылары «Вокал», «Хореография», «Аспаптық орындау», «Ыммен ән айту» номинациялары бойынша бақ сынасып, 28 бала республикалық іріктеу турына жолдама алды.

Іріктеу турынан өткен қатысушыларға еліміздің бас сахнасында өнер көрсету, экскурсиялар, көрмелер, танымал отандық жұлдыздармен кездесу ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, қатысушылар Бурабай курорттық аймағында орналасқан «Балдәурен» сауықтыру орталығында 10-30 мамыр аралығында демалатын болады.

«JUIDYZAI» жобасы – баланың жеке тұлғасының өзіндік дамуына, оның тұрақты қазақстандық қоғамға интегралдауда біріккен қоғамдық жемісті еңбек. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін балалар фестивалі өз қабілетін жүзеге асыруда мүмкіндігі шектеулі балалар үшін шығармашылықта, музыкада, өнерде дарындылықтарын танытуға керемет мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.