Ғазиз Байтасов атындағы оқу бөлмесі ашылды

0 25

«Ерлігі – елге мұра, ұрпаққа – ұран» болған батыр ағамыз Ғазиз Байтасов қызметтік бабында жүріп, қырық жасында өмірімен қоштасамын деп ойламады. Үшінші сәуір күні елу жасқа толатын «Халық қаһарманының» құрметіне орай, өзі білім нәрімен сусындаған Түймекент орта мектебінде іс-шара ұйымдастырылып, Ғазиз Байтасов атындағы оқу бөлмесі ашылды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Шара қатысушыларын мектеп инспекторынан құралған топтың топбасшысы:

— «Халық қаһарманы» Байтасов Ғазиз Әбдібекұлының 50 жылдығына арналған іс-шараға, өзі оқыған мектебіне қош келдіңіздер, — деген жалынды сөздермен қарсы алудан басталды.

Ұйымдастырған шараға жиналғандар мектеп фойесінде батырға арналған тақтаны көріп, теледидардан Ғазиз Әбдібекұлы туралы бейнероликті тамашалады.

Осы ауылдық округте өмірге келіп, аталмыш білім беру мекемесінде оқып, кейіннен аудан, облыс, республика көлемінде танымал болған азаматтарға арналған «Түлектер тақтасы» туралы 9-сынып оқушысы Сабина Сиязбай таныстырылым жасады.

Бұдан соң Салтанатты шарада ауылдық округ ардагерлері кеңесінің төрағасы Жомарт Мұхамеджанов сөз алып, өткен күндерден естеліктер айтты.

Халық қаһарманы есімін иеленген оқу бөлмесінің алқызыл лентасын Жомарт Мұхамеджанов пен батырдың жары Гүлжамал Тәжиева қиды.

9-сынып оқушысы Гүлжарқын Оңғарбай оқу бөлмесіндегі Ғазиз Байтасовқа арналған бұрыш, альбоммен таныстырып, қысқаша батырдың өміріне шолу жасады.

Бұдан соң қонақтар мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.