Меркі ауданының әкімі Жауғаш батыр ауылына жұмыс сапарымен барды

0 57

Меркі ауданының әкімі жұмыс сапарымен Жауғаш батыр ауылында болып, ондағы электр жүйесі маңайындағы қиыншылықтар туралы тұрғындар пікірін тыңдады, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Жиын барысында ауыл тұрғындары ауылда екі мәселе шешімін таппай тұрғанын ортаға салды.

– Біз Жауғаш батырдың ұрпағымыз. Ешқандай өкпеміз жоқ. Жағдайымыз жақсы. Былтыр жолымызға шағал тас төселді. Осы екі мәселені шешіп берсеңіз болды,- деді ауыл қариясы.

Жауғаш батыр ауылы Қырғыз елінен электр тоғын алуда. Дегенмен ол қымбатқа түсуде.

Бұл мәселе бойынша жиынға келген «Жауғаш батыр» шекара бөлімшесінің майоры Әділ Жүнісов 2022 жылы осында жаңа 60 орындық шекара кешенін соғылатынын айтты. Бұл ауылдықтарды жұмыспен қамтуға үлкен жол ашатынын жеткізді.

– Біз сіздердің араларыңызда даяшы, киім жуушы, еден жуғыш, от жағушы секілді қызметтерге жұмысқа аламыз. Келешекте бұл үлкен ауыл болатынына сеніміз мол, — деді бөлімше басшысы.

Аудан әкімі электр тоғы Қордай ауданынан тартылатынын айтып, жол бойы шекараның екі бөлімшесін де электрмен қамтитынын айтты. Бұл мәселені облыс әкімінің алдында көтеріп, шешімін табуға бар мүмкіншілікті пайдаланатынын жеткізді.

Сонымен қатар Санат Сансызбаевтың жеке кәсібімен танысты. Ол ауылдағы сүтті жинап, сары ірімшік өнімін шығаруда және алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді жоспарлауда.

Ауыл тұрғындары мал, егін шаруашылығымен табысты айналысуда. Осындай кішкентай ауылда үлкен істер атқарылып жатқаны аудан басшысын қуантты.
Бұдан соң аудан әкімі Жауғаш батыр шекара бөлімшесінің жұмысымен танысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.