Мемлекеттік рәміздердің Заң талаптарына сай орналастырылуы туралы семинар өтті

0 7

Байзақ ауданы әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның 2021 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздердің Заң талаптарына сай орналастырылуы және пайдаланудың жайы» тақырыбында семинар өтті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Кездесуге ауылдық округтер әкімі аппаратының мамандары, аудан әкімдігіне қарасты бөлімдердің жауапты мамандары қатысты. Айтулы шараны аталған бөлімнің басшысы Салтанат Иманова ашып, жүргізіп отырды.

Семинар барысында аталған бөлімнің бас маманы Руслан Мамытбеков «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндама жасады. Баяндамашы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалануды реттейтін заңнамалық актілерге тоқталды. Рәміздерді стандартқа сәйкес орнату және пайдалану, жарамсыз Елтаңбаларды және Туларды жою ережесімен таныстырды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына тәуліктің қараңғы мерзімінде жарық түсіп тұру міндеттілігіне,
Мемлекеттік рәміздердің стандарттық талаптарын сақтауға аса жауапкершілікпен қараудың маңыздылығына екпін салды.

Сонымен қатар, Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын дайындау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандар туралы заңнамасын бұза отырып пайдаланғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 418-бабы бойынша жауапкершілікке тартылатындығы туралы ақпарат берілді.

Мұнымен бірге, әр тоқсан сайын аудан аумағында Мемлекттік
рәміздердің пайдаланылуы мен қолданылуына зерделеу
жұмыстары жүргізілетіндігін жеткізді.

Семинар диалог форматында өткендіктен, қатысушылар
тарапынан туындаған барлық сұрақтарға жауаптар
қайтарылды.

Жиында ақпараттандыру жұмыстары жайында қысқаша мәлімет беріліп, ауылдық округ әкімі аппараты және аудан әкімдігіне қарасты бөлімдердің әлеуметтік желілердегі парақшаларының атауын қалыпқа келтіру, сапалы ақпараттарды жариялау, тұрғындар тарапынан түскен сұрақтарға дер кезінде жауап
беріп, кері байланыс орнату керектігі де айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.