Ең бастысы – тұрғындардың әл-ауқатын жақсартып, өмір сапасын арттыру

0
14

Байзақ ауданы, Сазтерек ауылдық округіне қарасты Абай, Ақтөбе, Жаңасаз елді мекендерінде 305 аула бар және 1 837 халық тұрады. Округ тұрғындарының саны 2020 жылмен салыстырғанда 12 адамға өсті.

Ауылдық округ аумағында 1 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп, 1 балабақша, 1 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік тірек, 1 ауылдық клуб және кітапхана жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында мүлік салығы 26 %-ға, жер салығы 14 %-ға, көлік салығы 32 %-ға орындалды.

Биылғы жылы бірнеше жоба қолға алынып отыр. Атап айтқанда, Абай ауылына жаңа трансформатор сатып алу (3,8 млн. теңге), округтегі 4 трансформатордың сыртын қоршау (850 мың теңге), Абай орта мектебі мен «Айгөлек» бөбекжай бақшасына автотұрақ салу, әкімшілік ғимаратына жол салу (4 млн. 226,6 мың теңге), Ақтөбе бастауыш мектебіне жол салу үшін (2 млн. 936,1 мың теңге) қазіргі күнге жобалық сметалық құжаттар жасалынып, аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ұсынылды.

Жалпы егістік жер көлемі 3 317 гектар, оның 1 334 гектары суармалы, 1 983 гектары тәлімі (15 гектарға артты). Көктемгі дала жұмыстары қызу жүруде. Жаздық арпа егу жоспары 1 250 гектар болса, бүгінгі күнге 1 201 гектар жер айдалды. Қажетті тұқым көлемі 250 тонна аудандық тұқым зертханасына өткізілді. 890 гектар жерге жаздық арпа егіліп, күздік бидай 500 гектар жерге егу жоспарланған еді. Бүгінгі таңда күздік бидай 682 гектар жерге орналастырылды.

Жалпы дизель отынын алуға 13 шаруа қожалығы 83 тонна дизель отынына өтінім беріп, бүгінгі күнге 40 тонна алынды. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін несиелендіру бойынша 2021 жылға «Құлан дән» несие серіктестігі арқылы «Әлібек» шаруа қожалығы 1 млн. теңге қаржыға қол жеткізді.

Ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелердің бірі – жерді тиімді игеру. Ауылдық округке қарасты шаруа қожалық жетекшілерімен иелігіндегі жерлерді үнемді пайдалану мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы 3 шаруа қожалық жетекшілеріне ескертулер жасалынды. Жеке пада жайылымы 791 гектар жерді құрайды. Оның 550 гектары Абай ауылында, Ақтөбе ауылында 210 гектар, Жаңасаз ауылында 30 гектар.

Жыл сайын төрт түлік малдың басы да өсіп келеді. Ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтары малдарына ветеринариялық -эпизоотиялық ісшаралар жоспарлы түрде жасалынады. Соның нәтижесінде сарып ауруына оң нәтиже берген мал жоқ.

Округ бойынша 83 шаруа қожалығы, 2 сауда нүктесі және 25 жеке кәсіпкер тіркелген. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында «БастауБизнесті» оқып, сертификат алған 3 азамат «Еңбек» бағдарламасы бойынша құжаттарын
несиеге өткізді. 3 адам 583 000 теңге қайтарымсыз грантқа ие болып, өз кәсіптерін ашты. «Гидропоника» әдісі бойынша 2 азамат оқуға аудан әкімдігі жұмыспен қамту орталығына
құжаттарын тапсырды. Бүгінгі таңда округ бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 4 отбасына тағайындалды.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын жеке кәсіпкер Момбаевпен келісімшарт жасау жұмыстары жүргізілуде. Соның нәтижесінде 281 аула «Тазалық» ЖК келісім шарт жасады. 18 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, қазіргі уақытта абаттандыру жұмыстарымен айналысуда.

Тал-дарақтар егу жұмыстары – бүкіл өңірді көгалдандыруға бағытталған шара. “Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын” деген даналық сөздің өзі адамға байлықтан гөрі жасыл желектің орасан пайдасы барын айшықтайды. Көктемгі екі айлық аясында ауыл тұрғындары аулаларына, мекеме, ұйым қызметкерлері ғимарат маңына сәндік ағаштар мен раушан гүлдерін егіп, ауылды көркейтуге үлестерін қосуда.

Алдағы уақытта Ақтөбе ауылындағы Қарабақыр көшесіне, Жаңасаз елді мекеніндегі Ақтерек, Көктерек көшелеріне асфальт төсеу және ауыз су жүйесін жүргізу, Абай ауылындағы Б.Момышұлы көшесін орта жөндеуден өткізу, Ақтөбе және Жаңасаз ауылдарына ауызсу жүйесін жүргізу, Абай ауылында спорттық-жаттығу залына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, кіші футбол алаңшасын салу, округке қарасты шаруа қожалықтардың егістік жерлерін ағын сумен қамтамасыз ету міндеті тұр.

Ең бастысы – тұрғындардың әл-ауқатын жақсартып, өмір сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын таба беретін болады.

Жұмабек Шайхиев,
Сазтерек ауылдық округінің әкімі.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here