Жамбыл ауданы әкімдігіндегі бөлім мен жергілікті ауылдық округтің қызметкерлері бүгін Аса-Тараз бағытындағы және өздеріне тиесілі орындарға тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке 1070 адам, 23 техника қатысып, 37 тонна қоқыс шығарылып, 3,7 тоннаға әк пайдаланылды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Жамбыл ауданы әкімдігі тұрғын үй-комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Еркебұлан Көмекбаевтың айтуынша, игі іске 1070 азамат атсалысқан.
– Тазалық жұмыстарына 23 техника қатысып, 37 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар, күл-қоқыстар, шөп-шалаңдар шығарылды. Сондай-ақ 4 тоннаға жуық тұрмыстық әк пайдаланылды. Аудан тұрғындарының біркісідей атсалысқанын да айта кеткен жөн. Бүгінде талай тірлік тиянақталды. Ауыл ішіндегі арық-атыздар ретке келтіріліп, әлеуметтік нысандардың айналасы тазартылды, – дейді Еркебұлан Қуанышұлы.