Байзақ ауданында тұрғын үй құрылысына 1534,9 миллион теңге инвестиция тартылған

0 19

Байзақ ауданында 30511 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, ол 20,8 пайызға жоғарылаған. Жалпы ауданда тұрғын үй құрылысын салуға кәсіпкерлер тарапынан 1534,9 миллион теңге инвестиция тартылған, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Байзақ ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,3 пайызды құрап, 5739,9 миллион теңге, ауыл шаруашылығы өнімі 5,1 пайызға өсіп 45219,2 миллион теңге жеткен.

Сондай-ақ өткен жылы ауданға 20043,2 миллион теңге инвестиция тартылып, 35,8 пайызға жоғарылаған. Өсім ауданда құрылысы жүріп жатқан су жүйелері, мектеп, автомобиль жолдарын күрделі жөндеуден өткізудің есебінен артқан. Атап айтсақ, өткен жылы ауданда 10917,5 миллион теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, ол 1,9 есеге жоғарылаған.

Аудан әкімі Нұржан Нұржігітовтың айтуынша, өсімге мемлекеттік бағдарламалар мен қосымша бөлінген қаржының арқасында қол жеткізілген.

Сонымен қатар ауданда 29 нысанның құрылыс жұмыстары атқарылып, пайдалануға берілген. Ал жалпы ауданы 30511 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 20,8 пайызға жоғарылаған. Жалпы ауданда тұрғын үй құрылысын салуға кәсіпкерлер тарапынан 1534,9 миллион теңге инвестиция тартылған. Бөлшек сауда айналымының көлемі 11640,9 миллион теңгені құраса, көтерме сауда айналымы 2727,1 миллион теңгеге жеткен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.