Тұрар Рысқұловтағы «Арай» шағын ауданынан 4 көпқабатты үй салып, 320 тұрғынды пәтермен қамту жоспарланған. Алғашқы баспананың құрылысы былтыр басталған болатын. Биыл құрылыс жұмыстары аяқталып, кезекте тұрған көпбалалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған отбасылар мен мемлекеттік қызметкерлерге арендалық негізде тапсырылады, — деп жазады “ZhambylNews” AA.
Құлан ауылында 2005 жылдан бері үй кезегіне тұрғандардың саны 1145 адамды құрайды. Ал жер теліміне кезекте тұрғандар саны 3300 адамға жеткен. Тұрғын үй мәселесін шешу үшін «Арай» шағын ауданында алғашқы 80 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталып кетіпті. «Нұрлы жер» бағдарламасымен бес қабатты тұрғын үйдің құрылысын «Ск Реал Строй» ЖШС жүргізуде. Бұл тұрғын үйдің жобалық құны 564 миллион теңгені құрайды.
Аудан әкімі Ерболат Садырқұловтың айтуынша, «Арай» тұрғын алқабынан 80 пәтерлік 5 қабатты 2 тұрғын үйдің құрылысын жоспарланды. Алғашқы үйдің құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталып, ағымдағы жылы пайдалануға беріледі. Екінші үйдің де құрылысы биыл басталады.
Құрылыс басында қызу жұмыс жүріп жатыр. Құрлысшылар тұрғын үйдің қабырғасын қалауда. Онда 25 бетоншы мен ондағын техника жұмыс істеуде. Серіктестіктің учаске бастығы Дәурен Елдесбаевты сөзге тарттық.
«Құрлыс жұмыстарын қазан айында бастадық. Қыс айларында да тоқтатпай, құрылыс талаптарын сақтай отырып, құрылыс жұмыстарын жүргізіп келеміз. Бұл нысанды 2021 жылдың қазанында тапсырамыз деген жоспарымыз бар, — дейді ол.
Ал аудан әкімі осы шағын ауданда алдағы уақытта осындай 4 көпқабатты тұрғын үй салынады дейді. Бас аяғы екі-үш жылдың көлемінде 320 пәтер көпбалалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған отбасылар мен мемлекеттік қызметкерлерге арендалық негізде берілмек. Ал тұрғандарға осы шағын ауданнан 650 жер телімі қарашада беріліпті. Инфрақұрылымы тартылған ол алқапта биылдан бастап үйлер салынады деген сенімде.