Талас ауданында «Сыбаға» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 6173 бас мал сатып алынған

0 17

Қаржы ұйымдары арқылы 281 миллион 620 мың теңгеге «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 6 шаруа қожалық 2623 қой, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 27 шаруа қожалық – 3301 қой, 249 мүйізді ірі қара сатып алған, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Былтыр Талас ауданында ауыл шаруашылығы өнімдері 15 миллиард 361 миллион теңгені құрап, алдығы жылмен салыстырғанда 118,3 пайызға орындалған. Сондай-ақ мал басы да артқан. Атап айтар болсақ, мүйізді ірі қара – 29477, қой-ешкі – 335167, жылқы – 12859, түйе – 2184, үй құстары – 38266 жеткен. Осының есебінен 12859 тонна мал мен құс еті, 8219 тонна сүт өнімдері өндірілген.

Ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлеміне келсек, 1 миллиард 944 миллион теңгені құрап, жоспар 153 пайызға орындалған.

Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 7 миллиард 620 миллион теңге болып, жоспар 109 пайызға жеткен.

Аудан әкімінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ауданбек Ерубайдың айтуынша, ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-лары және «Аулие-Ата» ЖШС арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне 281 миллион 620 мың теңге несие беріліп, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 6 шаруа қожалық 2623 қой, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 27 шаруа қожалық – 3301 қой, 249 мүйізді ірі қара сатып алған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.