Тұрар Рысқұлов ауданында мобильді топ білім ошақтарына рейд жүргізді

0 8

Елімізде індеттің алғашқы белгілерінің тіркелгеніне міне бір жарым жылға жуық уақыт болды. Т.Рысқұлов ауданында эпидахуалды назарда ұстау үшін арнайы мониторингтік топтар құрылған. Мобильдік топ мүшелерімен аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев орталық ауылдарда орналасқан бірқатар білім ошақтарын аралады, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Топ мүшелері аудандағы Әлихан Бөкейханов, Шохан Уәлиханов, Юрий Гагарин, Қызылпан Сұлтанбеков, Тұрар Рысқұлов, Максим Горький атындағы мектептер мен Құлан және №1 мектеп-лицейіне бас сұқты.

Дәл осы аралау кезінде Әлібек Мамытжанұлы назардағы нысандардың тізіміне іргелі оқу орындарының бірі саналатын Құлан агротехникалық жоғары колледжінде қосты.

Аралау барысында оқу ордаларының басшыларына сақтық шараларын күшейту керектігін және карантиндік шектеулерді сақтау маңызды екендігін ескертті. Сондай-ақ, басшыларға ата-аналарға орын алып отырған келеңсіз жағдайды тиісті деңгейде түсіндіру керектігін алға тартты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.