Ескендір Хасанғалиев өмірден өтті

0 0

Танымал әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев қайтыс болды. Суыт хабарды мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасаған Zhambylnews.kz.

  • «Ардақты ағамыз, асыл ағамыз, әйгілі композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан КСР халық әртісі Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев өмірден озыпты. Марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Иманы саламат болсын», — деп жазды Нұрқиса Дәуешов.
  • Еске сала кетсек, бұған дейін Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиеваның коронавирус жұқтырып, ауруханада жатқанын жазған едік. Кейінірек, әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев халық әртісінің жағдайы күрт нашарлағанын хабарлаған болатын.
  • “Әуелі Алла, содан кейін дәрігерлер мен халық тілегі көмектесетініне сенеміз. Әкем өмір бойы халық үшін еңбек етіп келеді. Осындай қиын жағдайда халық әкемнің денсаулығы жақсаруын тілейтініне сенемін», — деген еді Біржан Хасанғалиев.
Leave A Reply

Your email address will not be published.