Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Мойынқұмда мерекелік ісшаралар өткізілді

0 4

Бүгін Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай Мойынқұм ауданының орталығында және барлық елді мекендерде арнайы бекітілген іс шаралар жоспарына сәйкес санитарлық талаптар мен арақашықтық сақтай отырып мерекелік іс шаралар өткізілді, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Елімізде жүріп жатқан індет салдарынан айтулы күнді жалпы бұқаралық сипатта атап өтуге мүмкін болмай отыр. Дегенмен, бұл бірлік-достыққа негізделген мерекенің мән-маңызын аша түсуге еш кедергі емес.

Мойынқұм ауылында мерекелік іс шаралар бір мезетте бірнеше орында өткізілді. «Абылайхан» атындағы орталық алаңдағы сахнада аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының ұйымдастыруымен «Қазақстан -достық мекені» тақырыбымен концерт өткізілсе, М.Жұмабаев атындағы мектеп лицейі ұжымы Қ.Рысқұлбеков атындағы паркте, Жамбыл мектеп гимназия өз ғимараты алдында, 8 Мойынқұм колледжі ғимараты алдында «Достығымыз жарасқан, Туған өлкем — Қазақстан» тақырыбында концерттік шаралар өткізді.

Сондай-ақ білім бөліміне қарасты «Өнер мектебі» ұжымы өз білімгерлерімен «МOIYNGUM» аллеясында «Ұлттар достығы — басты байлығымыз» тақырыбында сурет салудан байқау өткізсе, Балалар шығармашылық орталығы білімгерлері арасында асфальтқа «Ұлттар достығы балалар көзімен» тақырыбында бормен сурет салу байқауы өтіп, жеңімпаздар Алғыс хаттар мен сыйлықтармен марапатталды.

Әр мекеме өзі өткізген шаралары жанынан қолөнер бұйымдары көрмелерін де ұйымдастырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.