Бақыт Қазанбасов құқық қорғау саласының қызметкерлерін қабылдады

0 22

7 мамыр — ҚР Отан қорғаушылар күні. Аталмыш мерекеге орай, Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов ауданның бір топ Қарулы Күштер жауынгерлері мен ардагерлері және құқық қорғау саласының қызметкерлерін қабылдап, құттықтау сөз сөйледі, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

— Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіз мемлекеттің ең басты мақсаты – ел тыныштығын қорғау, мемлекет тұтастығын сақтау. Сондықтан, бұл күн – Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, айбынды әскеріміздің атағын асқақтатып, мемлекетіміздің қуатын айғақтайтын күн. Бұл күні біз Қарулы Күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз. Осыдан 30 жыл бұрын құрылған Қазақстанның Қарулы Күштері уақыт талабына сай әскеріміз жаңарып, оның күш-қуаты жылдан-жылға нығайып келеді, — деген Бақыт Алпысбайұлы қызметін мінсіз атқарып келе жатқан әскери қызметкерлерге алғысын білдірді.

Өз кезегінде аудандық мәслихаттың хатшысы Бақтияр Ақбаев та ізгі тілегін арнап, ел тыныштығын сақтау жолындағы жауапты қызметтеріне қайсарлық, қажымас денсаулық, отбасыларына амандық тіледі.

Салтанатты шарада мерекеге орай, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін аудан әкімінің Грамотасы, Алғыс хаты және аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасымен марапатталды. Қабылдау соңынан шара қатысушылары естелікке суретке түсті.

Отан қорғау – Қазақстан Республикасы азаматының жауапты және құрметті міндеті. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Leave A Reply

Your email address will not be published.