Қордайлық кәсіпкер құлпынай егіп 6 тонна өнім алған

0 8

Өмірәлі Варшакидзе құлпынай көшеттерін былтыр 10 гектар алқапқа отырғызып, одан 5-6 тонна өнім алыныпты. Биыл кәсіпкер тағы да 300 мың көшет сатып алып, оның көлемін бірнеше гектар алқапқа арттырған, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.

«Басын көтеріп елден сұрағанша, басын иіп жерден сұрайтын» диқан қауымы көктемгі дала жұмыстарына белшеше кіріскен шақ.  Жылдағы дәстүрлі дәнді дақылдармен қатар ауданда жемістің жаңа түрлерін өсіруге де ден қойылып келеді.

Бүгінгі таңда Сарыбұлақ ауылдық округіндегі «Благовещенка» ЖШС  құлпынайдың «Альбион» сұрыпын отырғызуды қолға алған. Құлпынайдың бұл ерекше сұрыпының жидектері қатты, тәтті және хош иісті болып келеді. Жинағаннан кейін тауарлық түрін жоғалтпай, саудаға шығаруға өте ыңғайлы. Мемлекет тарапынан шаруашылыққа құлпынайды өсіруге 50 пайыз субсидия ретінде қолдау көрсетілуде.

— Мемлекеттен көп көмек алып жатырмыз, осының арқасында мол өнім алуға барлық жағдай жасалған. Құлпынай өсіру табысы мол іс, ол жыл сайын өнім береді. Ең бастысы барлық технологияны мұқият сақтаған жөн, — дейді серіктестік басшысы Өмірәлі Варшакидзе. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.