Жамбыл облысының аймақтық кеңесінде сайлау өткізіліп, нәтижесінде 28 кәсіпкер кеңес мүшесі болып сайланды. Жалпы дауыс берудің нәтижелері бойынша Мұқаш Искандиров бірыңғай шешіммен Тіркеу Кеңесінің Төрағасы қызметіне сайланды. Ал, Еркін Атымтаев Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры болып тағайындалды, — деп жазады “ZhambylNews” АА.
Жамбыл облысы бойынша Өңірлік кеңес мүшелігіне квота 28 адамды құрайды. Барлығы 91 адам кандидат болды. Белсенді кәсіпкерлер, өңірде бизнес ортаның дамуына сүбелі үлес қосқан қауымдастықтардың жетекшілері үміткерлер ретінде тіркелді. Дауыс беруге облыстан 10 464 кәсіпкер қатысты.
Еске салсақ, Жамбыл облысында Өңірлік кеңеске сайлау кампаниясы алғаш рет жүргізілді. 18 наурыз бен 2 сәуір аралығында кандидаттардың құжаттарын қабылдау және тіркеу жүргізілді, 6-10 сәуір аралығында үгіт-насихат кампаниясы өтті. Негізгі кезең – дауыс беру – 12-16 сәуір аралығында өтті.