Таласта аудандық «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті

0 7

Талас ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен орталық саябақта аудандық «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті. Кіл мықтылар бақ сынаған байқауға ауыл-аймақтардан 12 үміткер қатысты, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Шара «Таныстыру», «Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер көп емес», «Күш атасын танымас», «Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар» сынды кезеңдерді қамтыды.

Байқаудың ашылу салтанатында сөз алған ауданның Құрметті азаматы Байұзақ Көлбайұлы, «Жастар ресурстық орталығының» директоры Нұрсұлтан Ма­натбеков мерекелік лебізін білдіріп, бай­қауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шара қорытындысы бойынша Берікқа­ра ауылдық округінен келген Қ.Әмірбеков 1-орынды иеленсе, Қаратау қаласынан қа­тысқан Д.Сұлтанқұл мен қызыләуіттік Е.Бекетаев 2-орынға лайық деп танылды. Ал, үшаралдық Д.Таңат пен Кеңес ауылдық округінің намысын қорғаған З.Тұрым үздік үштікті түйіндеді. Барлық қарсыласынан басым түсіп, байқаудың Бас жүлдесін иеленген қызыләуіттік Әділет Шохалақовқа облыстық «Жігіт сұлтаны» байқауының жолдамасы бұйырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.