Тұрар Рысқұлов ауданында 7 ангарлық спорт зал соғу жоспарлануда

0 13

Ағымдағы жылдың алғашқы 4 айында Тұрар Рысқұлов ауданы бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар қатары жалпы халықтың 32,8% құрады, бұл 21 317 адам. Қазіргі таңда ауданда тұрғындарының спортпен шұғылданулары үшін түрлі деңгейдегі 169 спорт нысандары жұмыс жасайды, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Атап айтқанда, 1 спорт кешені, 1 стадион, 97 спорт алаңшасы, 21 футбол алаңы, 44 спорт зал және 5 басқада спорт нысандары. Аталған спорт нысандарының барлығы аудан тұрғындарына қолжетімді және ақысыз болып табылады.

Еліміздегі карантиндік шектеулерге қарамастан спорт саласы назардан тыс қалып жатқан жоқ. Мысалы, ағымдағы жылдың 4 айында аудан бойынша барлығы 50 бұқаралық-спорттық іс-шара ұйымдастырылып өткізілген. Аталған іс-шараларға санитарлық талаптарды сақтай отырып 2744 адам қамтылған.

Байрақты жеңістердің арқасында ауданның спорт саласы жылдан-жылға дамып, балалардың спортқа деген қызығушылығы артып келе жатқаны баршаға аян.

Жалпы аудан бойынша 2 спорт мектебі жұмыс істейді. Спорт мектептерінде 13 спорт түрі бойынша барлығы 1442 оқушы спортпен шұғылданады. Спорт мекемелерінде 46 жаттықтырушы жұмыс атқарып жатыр.

Тағы бір айта кететіні, ауыл тұрғындардың көшедегі спорт алаңдарына қолжетімділігін арттыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2021-2025 жылдар аралығында «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 7 ангарлық спорт зал соғу жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.