Тұрар Рысқұлов ауданында 1018 азамат жұмыспен қамтылды

0 13

Т.Рысқұлов ауданында жыл басынан бері жұмыс іздеуші ретінде 1350 азамат қайырылып, 1018 азамат жұмысқа орналасты. Атап айтқанда, ақылы қоғамдық жұмыстарына — 503, жастар тәжірибесіне — 51, әлеуметтік жұмыс орындарына — 84 және тұрақты жұмысқа 380 азамат жұмыспен қамтылып отыр, — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

Сондай-ақ, аудан бойынша 1003 жаңа жұмыс орындары, оның ішінде 365 тұрақты жұмыс орны ашылса, нысаналы топқа жататын 254 азаматтардың қайырылып, 169-ы жұмысқа жіберілген. Жұмысқа орналасу пайызы 66,5 құрап отыр.

Жыл басынан мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ішінен 52 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, 10 азамат тұрақты жұмысқа, 37 азамат уақытша жұмыс орындарына орналасқан.

Ал әлеуметтің әлеуіт көтеру мақсатында жыл басынан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке жалпы 909,5 млн. теңге қаражат бөлінген. Жан басына шаққандағы табыстары күнкөріс деңгейінің кедейшілік шегіне жетпейтін 914 отбасының 4952 адамына 99,5 млн. теңге тағайындалып, 802 отбасының 4496 адамына 78,7 млн. теңге төленген.

Сондай-ақ, әлеуметтік көмек алатын отбасыларының 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға тапсырыс беріліп, 15 ауылдық округтерге азық-түлік жиынтығы (қаңтар-997, ақпан-1004, наурыз-962, сәуір айында 792 балаға берілді) және тоқсанына 1 рет берілетін тұрмыстық химия тауарлар жиынтығы таратылып берілген. (І тоқсан — 962 балаға берілді).

Leave A Reply

Your email address will not be published.