Жамбыл ауданында айтыскерлер бас қосты

0 35

Азаттықтың бойтұмары – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ақынның есімін иемденген Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылдық мәдениет үйінде облыстық ақындар айтысы өтуде, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Жамбыл ауданы әкімдігі, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы, облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған аламанда сөз сардарлары «Ел бірлігін сақтаған татулықты айт» тақырыбында тәуелсіздікті тебірене жырлады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен жыр аламанына әр ауданнан «ауыздықпен алысып», «аузымен құс тістеген» 20 ақын қатысты.

Түндігі түрілген төл өнеріміздің төресі – айтыстың ашылуында сөз тізгіндеген партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Қасымов «сен тұр, мен атайын» деп шабытының шабысына ерік берген үміткерлерге сәттілік тіледі.

Кешегі Жамбыл бабалардың ізін жалғаған жүйріктерге айтыс ақындары мен термешілердің халықаралық одағы облыстық филиалының төрағасы Ахметжан Өзбеков, облыстық «Aq jol» газетінің бас редакторы, ҚР Ақпарат саласының үздігі Оралхан Дәуіт, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ақын Қайырбек Асанов, танымал журналист Біржан Сөктай, ақын, аудандық мәслихаттың депутаты Үміт Битенова және «Жас алаш» газетінің тілшісі Нұрболаь Әлдибек, республикаға танымал айтыскер Айтмұханбет Исақов қазылық етті.

Әзірге ақындар маржан сөздері мен елдікдікті жырлап, көрермен қошеметіне бөленіп отыр.

Толығырақ айтыс тиянағын тапқан соң жариялайтын боламыз. Ал көрермен үшін мына сілтеме аламан айтыстан бір-ақ шығарады.

https://www.facebook.com/Jambylmadeniet/videos/2594280587547681/

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.