Сарысу ауданының 75% ауыз сумен қамтылған

0 19

Ауданда ауыз су жеткілікті. Тұрғындар тіршілік нәрінен тарығып отырған жоқ. Бүгін ӨКҚ алаңында брифинг берген Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев осылай деді. Спикердің айтуынша ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша аудандағы 25 елдімекеннің 18-інде су бар. Бұл дегеніміз ауданның 75% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілгенін білдіреді, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Сондай-ақ ол көгілдір отын мәселесіне тоқталып өтті. Айтуынша аудандағы 25 елді мекеннің 4-еуі газдандырылған. Қазіргі таңда 2-нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр екен.

«Жаңатас қаласындағы «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-ның химиялық кешеніне дейін жоғары қысымды газ құбырының құрылысы» жүруде. Жобаны аяқтау үшін қажетті 4,2 млрд.теңге қаражаттың 2021 жылға 2,2 млрд.теңгесі жоспарлы түрде бөлініп отыр. Қалған суммасы 2022-2023 жылдарға қарастырылған. Сонымен қатар, аудандағы 14 елді мекенге жеткізуші және ауылішілік газ құбырларын салу құрылысы басталды. Аталған жобалар іске асқанда, Сарысу ауданының 14 елді мекендегі 40 мыңға жуық адам, Жаңатас қаласындағы 23 мың адам табиғи газбен қамтылады» — деді М.Сұлтанғалиев.

Әкімнің сөзінше ауданның газбен қамтылу деңгейі 97%-ке дейін жетеді. Сонымен қатар былтыр да аудан тарапынан қаржы қарастырылып, Шағалалы ауылын газбен қамтамасыз ету жобалық-сметалық құжаттамасы сараптамадан өткізіліп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.