Жамбыл ауданында 39 тонна қоқыс шығарылды

0 8

Тазалық тазалаған жерде емес, тазалықты сақтаған жерде екені белгілі. 5 маусым — Эколог күні және «Бірге, таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жамбыл ауданы көлемінде ұйымдастырылған санитарлық-тазалық жұмыстарына 750 адам, 36 техника қатысып, 39 тонна қоқыс шығарылды, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Аудан аумағындағы санитарлық-тазалық жұмыстары барысында ауылдық округ әкімдіктері тарапынан барлық мекеме, ұйым, кәсіпорын, саябақ, скверлер айналасын, арық-атыздарын, көпір астыларын күл-қоқыстардан тазарту, қураған талдарды бұтақтарды шабу, шөптерін шалу, әктеу жұмыстары жүргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.