Марат Сұлтанғалиев асар жобасы бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс басында

0 2

АУДАН ӘКІМІ АСАРЛАТҚАН АҒАЙЫНМЕН БІРГЕ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Сарысу аудандық әкімдігінің бастамасымен және ауылдағы азаматтардың қолдауымен «Асарлатып үй салу» жобасы қолға алынған. Бүгін аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев асар жобасы бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына өз үлесін қосты, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Сарысулықтар асарлатып баспана тұрғызып жатыр. Аз қамтылған отбасыларға арналған тұрғын үйдің құрылысы ауыл-ауылдарда да бой көтеруде.

Асарға аудандық мәслихат хатшысы А.Сейналиев, депутаттар Талғат Түсіпбеков пен Ғани Рыспановтар, барлық мекеме кәсіпорын басшылары қолқабысын беруде.

Сондай-ақ, көпшіліктің көмегімен іргетасы қаланып, тұрғызылуда. Сарысулық еріктілер де асарға қатысып, ауызбірлік танытты. Бірі тас әкеліп төксе, енді бірі топырақ пен цемент алып берді. Кәсіпкерлер есік-терезе, басқа да қажетті материалдармен қамтамасыз етпек.

Бүгінгі тұрғызылып жатқан үй тәуелсіздік қарсаңында беріледі деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.