Жаһан жұртшылығын сарсаңға салған тәжтажал төндірер қауіп сейілмей тұр. Қазіргі таңда қалыпты өмірге қайта оралудың бір ғана жолы – қоғамдық иммунитет қалыптастырудың маңызы зор. Қазіргі таңда Талас ауданында 4319 адам вакцина салдырған. Аудандағы әрбір ауылда екпе егу пункттері тұрақты түрде жұмыс жүргізіп жатыр, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Қаратау қаласындағы жылжымалы екпе егу пунктісі қала ішін аралап, халыққа қызмет көрсетуде. Аудан халқының 3465-і Sputnik-V екпесін қабылдаса, 784 адам, 60 адам отандық вакцинаны дұрыс көрген.
Аурухананың қорында 1000 доза Sputnik-V, 406 доза Hayat-Vax, 40 доза Qazvac бар.