Таластық шаруалар биыл 14 мың гектар алқапты игеруді жоспарлауда

0 12

Талас ауданы бойынша былтыр 5 мың гектар жерге күздік егін егілсе, қазір ол жайқалып өсіп келеді. Ал биыл дала еңбеккерлерінің алдында 14 мың гектар жерді игеру жоспары тұр. Қазір алқапта қызған жұмыс, деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Егінмен айналысушыларға үкімет жылда көмек көрсетіп келеді. Биыл да солай болмақшы. Дизельдік отындар мен тыңайтқыштар жеңілдетілген бағамен босатылып, біраз өнімдер субсидияланатын болады. Сонымен қатар, техника алам деушілерге де ұазақ жылға несие берілуде. Оны тиімді пайдаланып жатқандар да жетерлік. Мәселен 462 гектар жері бар «Кәдірбек» шаруа қожалығы былтыр тракторға қажетті соқа-саймандарын түгендеп алса, биыл жаңа техникаға да тапсырыс беріп қойыпты.

Алқап басында орналасқан дала қосынында күн сәулесі арқылы алынатын электр қуаты да жұмыс істеп тұр. Құдық та қазылып, жер асты суымен де қамтамасыз етіліпті. Мұның барлығы үкімет бағдарламасы арқылы жүзеге асырылып жатыр. Соның арқасында Талас ауданы бір кездері тек мал шаруашылығымен аты шықса, енді егістік саласына да баса мән беріп, алқап көлемі де анағұрлым арта бастаған.

Шаруашылықтарының шырайын кіргізіп отырған шаруалар тың тірлікті де қолға ала бастапты. Атап айтсақ, «Ерке-Бұлан» шаруашылығы Талас ауданы бойынша тұңғыш рет құлпынай егуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.