Талас ауданында 64 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй жаңғыртудан өтуде

0 2

Қаратау қаласындағы үшінші шағын аудандағы №17-ші көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртудан өткізілуде. 64 пəтерден тұратын көпқабатты тұрғын үйдің құрылысна бюджеттен 510 миллион теңге бөлінген, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Үйдің құрылыс жұмысын «АгроСпецстрой» ЖШС жүргізуде. Оны күрделі жөндеуден өткізуге бюджеттен 510 миллион теңге бөлініпті.

Компания өкілі Рустем Қуатовтың айтуынша, құрылысқа 62 адам тартылған. Оның 60 пайызын қала тұрғындары құрайды. Қазіргі таңда құрылысшылар көпқабатты тұрғын үйдің шатырын жауып, ішкі-сыртқы сылақ жұмыстарын бастап кеткен.
Бүгінгі таңда бұрын қаңырап бос тұрған ғимараттың қабырғаларын қыру – 50, қабырғаларын сейсмикалық күшейту жұмыстары 20 пайызға орындалыпты. Ішкі электр желілері жұмыстары да 50, ал сылақ жұмыстары 10 пайызға атқарылған. Құрылыс жұмысын мердігер алдағы жылы тасырмақ.

Аудан əкімі Қанатбек Мəдібек, биыл 44 пəтерден тұратын үшінші шағын аудандағы №5 және №6-шы жатахқаналардың құрылысын бастауды жобалап отырғанын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.