Сарысуда 22 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды

0 10

Сарысуда 349 оқушы мектеп бітіріп, 22 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісінің, 20 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. Осыған орай үздіктерді марапаттау рәсімі өтті — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Марапаттау жиынына аудан мектептерінің білім әлемінің алғашқы белесінде біліктіліктері мен білімдерін дәлелдей білген мектеп бітіруші түлектер мен мектеп директорлары қатысты.

2019-2020 оқу жылында жалпы аудан бойынша 11 сыныпта 273 оқушы мектеп бітіріп, 11 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісін, 9 оқушы «Үздік аттестат» иеленген болса, биылғы 2020-2021 оқу жылында бұл көрсеткіш екі есе өсіп отыр. Бұл дегеніміз жылдан жылға аудан мектептерінде мектеп оқушыларының білімге деген құштарлығы артқандығын дәлелдейді.

«Алтын белгі» төсбелгісі мен ерекше үлгідегі аттестат иегерлерін және мектеп директорларын Сарысу ауданының әкімі М.Сұлтанғалив құттықтап, марапаттады.

Түлектерге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың
оқу мәртебесін, оқу белсенділігі және оқу сапасын арттыру, балалар мен жастардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, сондай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында құрылған «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» кітабы мен аудан әкімі М.Сұлтанғаливтың «Алғыс хаты» берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.