Талас ауданында жайылым жер мәселесі шешімін таппақ

0 4

Бүгінгі таңда мал шаруашылығымен айналысушылар үшін өзекті болып тұрған жайылым жер мәселесі Талас ауданында өз шешімін табатын болады. Бұл туралы Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібектің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында айтылды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Елдімекендердегі жайылымдық жерді пайдалану және егін шаруашылығының жағдайы, қысқы мал азығын дайындау мәселелері қаралған жиында сала басшылары есеп берді.

— Әр ауылдық округтің жайылым картасы жасалуы тиіс. Және ол жерлер ешкімге сатылмауы керек. Шаруа қожалық жетекшілері иелігіндегі жерлерін пайдаланбайтын болса, мемлекетке қайтарсын. Біз оны ортақ пайдалануға берейік.
Екінші, шаруалар иелігіндегі малын өз шаруа қожалығына тіркесін. Әйтпесе, шаруа қожалығы бір жақта, малы басқа жақта тіркелген. Олай болмайды. Ауыл әкімдері, шаруалардың қысқы мал азығына қажеттілік көлемін анықтаңыздар,-деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, аудан басшысы мал азығын дайындау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы күнделікті ақпарат ұсынып отыруды тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.