Жамбыл облысының тұрғыны құмда жылыжай салып, қияр өсіруде

0 12

Жамбыл облысындағы ең шалғай Мойынқұм ауданының тұрғыны Исағали Жұмағанбетов жылыжай салып, кәсіптің жаңа түріне ден қойды. Ол, ауа райы ыстық, жер қыртысы шөлейіт пен құм болса да мемлекеттің көмегіне қол жеткізіп, қияр өсірумен айналысуда, — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

Мойынқұм ауданының табиғаты мал шаруашылығы үшін қолайлы аймақ. Алайда ата кәсіптен бөлек мұнда ауыл шаруашылығымен де айналысушылардың қатары артып келеді.

Ауыл тұрғыны нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының 2-бағыты бойынша 583 400 теңгені құрайтын қайтарымсыз грантқа ие болып, жылыжай шаруашылығын қолға алды. Қазіргі таңда ол жылыжайда қияр өсірумен айналысады.

Бүгінде халық жылыжай салу арқылы төрт маусымда да қажетті көкөніс алуға бейімделген. Ал жылыжай салу кез-келгеннің қолынан келе бермейтіні анық.

— ​Бұл кәсіп үнемі күтімді талап етеді. Құмын қопсытып, суарып, қалыпты температураны сақтап отыру қажет. Табыс жаман емес. Ауыл тұрғындарына қиярдың 1 келісін 200 теңгеге сатып отырмын. Алдағы уақытта жылыжайды үлкейтіп қызынақ егуді жоспарлап отырмын, — дейді кәсіптен нәсіп тапқан Исағали Жұмағанбетов.

Жалпы, Жамбыл облысы бойынша 66 шаруашылықта көлемі 34,6 гектарды құрайтын жылыжайлар бар. 2021 жылы І-кезеңінде оның 14,1636 гектар алқапқабына көкөніс, дәмдеуіш шөптер және құлпынай отырғызылды. Бүгінге дейін 385.1 тонна қияр, 108.6 тонна қызанақ және 88,8 тонна дәмдеуіш шөптермен құлпынай жиналып, өнімдер Тараз, Алматы және Астана қалаларының тұтынушыларына өткерілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.