Мемлекеттік қызметшілер спорттың 7 түрінен сынға түсті

0 3

Егемендігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында және 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне орай Жамбыл ауданы әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен, мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Жамбыл аудандық ұйымының қолдауымен мемлекеттік қызметкерлер арасында аудандық спартакиада өтті, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Аудан орталығындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінде өткен спартакиадаға ауданға қарасты ауылдық округтердегі және бөлімдердегі мемлекеттік қызметкерлері қатысып, кіші футбол, дойбы, үстел тенисі, шахмат, арқан тарту секілді спорт түрлерінен сынға түсті.


– Бүгінде халықтың көңілінен шығуға күш жұмсап, ел еңсесін тіктеуге үлес қосып жүрген барлық саладағы мемлекеттік қызметкерлерге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Халықпен кері байланыс орнату, оларды сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету, оларға бағыт-бағдар көрсету мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеттерінің бірі юолып қала бермек. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, мемлекет абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Баршаларыңызды келе жатқан мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын, – деді айтулы шараның ашылуында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев.

Мұнан соң сөз алған аудан әкімі аппаратының басшысы Жомарт Телеуов қызметкерлерді айтулы мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Тілек соңы тартысты турнирлердің жеребесі тартылып, командалар өзара кім мықтыны анықтауға күш жұмсады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.