Т.Рысқұлов ауданында пробация қызметінде есепте тұрған жастар арасында спартакиада өтті

0 6

Т.Рысқұлов аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ нің және аудандық пробация бөлімінің ұйымдастыруымен пробация қызметінде есепте тұрған жастарды қоғамдық өмірге бейімдеу мақсатында Құлан ауылдық округіндегі тарихи жерлерге саяхат жасалды. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Салауатты өмір салты – саулық кепілі» атты спартакиада өтті, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Экскурсия барысында жастар орта ғасырлық тарихы бар «Құлан қалашық» және аудандық тарихи өлкентану музейінде барды. Экскурцияны аудандық тарихи өлкетану музейінің кіші қызметкері Толыбаев Бауыржан таныстырып өтті.

Сондай-ақ экскурсия «Салауатты өмір салты – саулық кепілі» атты спартакиадаға жалғасты.

Спартакиада төрт спорт түрі бойынша өткізілді. Атап айтар болсақ кіші футбол, қол күрес, кермеге тартылу, стритворкаут. Пробация қызметінде тұрған жастар 5 командаға бөлініп бақтарын сынады.

Жалпы командалық есепте «Ақжайық» командасы жалпы командалық есепте 1 орын иеленсе, «Заман» командасы ІІ орынды, «Алға» командалары ІІІ орынды місе тұтты.

Спартакиада соңында арнайы әзірленген «Жастар ресурстық орталығы» КММ нің директорының және Т.Рысқұлов аудандық пробация қызметінің бастығының дипломдары мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.