Ерболат Садырқұлов үздік мемлекеттік қызметкерлер мен тәртіп сақшыларын марапаттады

0 13

Бүгін елімізде екі бірдей кәсіби мереке — Мемлекеттік қызметкерлер күні мен Қазақстан полициясы күні аталып өтілуде. Осыған орай, Т.Рысқұлов ауданында аудан әкімі Ерболат Садырқұлов үздік мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуындағы жетістігі, халықтың әл-ауқаты мен олардың билікке деген көзқарасы мемлекеттік қызметкердің еңбегі мен беделіне байланысты болса, батылдық пен шыдамдылықтың үлгісі болған тәртіп сақшылары облыс қалалары мен аудандарында құқықтық режим мен заңдылықты қамтамасыз етуде, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауда күрделі әрі жауапты міндеттерді лайықты деңгейде орындайды.

Аудан орталығының алаңында сап түзеген өз ісіне адал, Отан үшін отқа түсуге әзір азаматтар аудан әкімінің, «Нұр Отан» партиясының және аудандық маслихатың Құрмет және алғыс хаттарымен аудандық 21 полиция қызметкері марапатталып, алғысын алды.

Еліміздің гүлденуімен қатар Қазақстан полициясы да өз даму жолынан өтті. 29 жыл бойы олар ішкі тыныштық пен тәуелсіздікті сақтау жолында талмай, танбай тер төгіп келеді. Ел тыныштығын ойлаған айбынды да адал қызметтің нығметі назардан тыс қалған емес. Бүгінде ауданда ел тыныштығын сақтауға 90 полиция қызметкері ат салысып жатыр.

Сонымен қатар, ел дамуына бар күш-жүгерін, өмірін арнаған, мемлекеттік жұмыстың ыстығы мен суығына төзе білген қызметшілердің басы қосылған жиында мемлекеттік қызметте еңбек етіп, жетістіктерге қол жеткізген мамандар марапатталды. Қазіргі таңда ауданда мемлекеттік қызметте 181 адам жұмыс істейді.

Қазірде Covid-19 пандемиясының жағдайында, мемлекеттік қызметшілерге халық өмірінің барлық салаларының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін үлкен жауапкершілік жүктелді. Осы қиын кезеңде күнделікті жүйелі және үйлесімді мемлекеттік қызметкерлердің арқасында мемлекеттік аппараттың толыққанды жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде. Күш-жігерлеріңіз алдағы уақытта да Қазақстанның мемлекеттілігін дамытуға, демократияны, елдің экономикалық дамуын және халықтың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз етуге бағытталатынына сенім білдіріп, елдің игілігі жолында атқарып жатқан қызметтері үшін аудан әкімі Ерболат Салқынбекұлы алғыс білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.