Жамбыл ауданында ұлттық домбыра күні өтті

0 2

Жамбыл аудандық мәдениет үйінің ауласында аталмыш мекеменің ұйымдастыруымен 1-шілде Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра қазақтың асыл мұрасы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Іс- шара барысында «Аса сазы» халықтық ән-би ансамблінің орындауында «Адай», «Балбырауын» күйлері көрермен назарына ұсынылды.

Ұлттық болмыстан сыр шертетін кешке жиылған жұртшылық әсем күйге бөленгенін айтып, ұйымдастыру алқасына алғысын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.