Жаңатас қаласында екi әлеуметтiк дүкен жұмыс жасауда

0 12

Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың барлық аудандар мен ауылдық округтерінде әлеуметтік дүкендер мен базарлар ашу жайлы тапсырмасына сәйкес, Жаңатас қаласында әлеуметтiк екi дүкен ашылып, жұмыс жасауда, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.

Әлеуметтік дүкенді ашудағы негiзгi мақсат – бағаны тұрақтандыру. Ендiгi жерде қала тұрғындары күнделiктi тұтыну тауарларын арзан бағамен аталған дүкендерден ала алады. Көпшiлiкке қызмет көрсету үшiн ашылған дүкендердегi арзан азыққа деген халықтың сұранысы да жақсы.

Жаңатас қаласы 2-шағынауданы 17Б мекен-жайындағы ИП Сағындықованың «Batyr-bek» дүкені мен орталық базарда орналасқан ИП Мутляпованың «Шадияр» дүкені бүгінде қызмет жасауда.

Облыс әкімінің тапсырмасымен ашылған дүкендердің тауарлары басқа дүкендерге қарағанда 10-20 пайызға арзан. Атап айтар болсақ, ұнның 50 келісі 7500-8000 теңге, шекердің бір келісі-260, нан бағасы 75, күріштің бір келісі сортына қарай 240-280 теңге аралығында, жұмыртқа 22-28 теңге, картоптің келісі сортына қарай 120 теңгеден басталып, 200 теңгеге дейін, Ал тауық еті 550-1000 теңге аралығында және қарақұмық 450 теңгеден. Өсімдік майының 5 литрі 3200 басталады, қырыққабаттың келісі 70 теңге болып тұр. Тағы да осындай қажетті тауарлардың бағаларын төмен бағада көруге болады.

Дүкен егелеріне қойылған басты талап 19 түрлі тауарды халыққа тиімді бағамен сату. Қазір тұрғындар бұл бастамаға ризашылықтарын білдіріп отыр. Алдағы уақытта ауылдық округтерде де ашу жоспарда бар.

Халыққа ең қажетті, әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттамауы бүгінгі күннің басты талабының бірі. Мемлекет басшысы міндеттеген бұл тапсырманың орындалуын аудан әкімдері де тұрақты қадағалауда. Азық-түлік өнімдерінің бағасы мен сапасы, халықты бағасы арзан өніммен қамтудың басқа да тәсілдері жайлы жиындарда жиі айтылады.

– Әлеуметтiк дүкеннен үнемi сауда жасаймыз. Өзге дүкендердегi және базарлардағы азық-түлiк тауарларының бағаларымен салыстырсақ, мұнда арзан. Халыққа осындай қызмет жасап отырған қала басшыларына және жеке кәсіпкерлерге ризашылығымызды бiлдiрiп, алғыс айтамын. Сондай-ақ, көпшiлiктi осы дүкен тауарларын тұтынуға шақырамын, – дейдi қала тұрғыны Алтынай Айсаева.

Leave A Reply

Your email address will not be published.