Жаңатас қаласында жаңа дәріхана ашылды

0 8

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейлі мерекесі аясында, Жаңатас қаласының Дегерез елді мекенінен жаңа дәріхана ғимараты салтанатты түрде ашылды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.

Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев халық сұранысына ие дәріхананың ашылуы аудан тұрғындары үшін қуанышты жәйт екендігін атап өтті.

— Жаңа дәріханамыз құтты болсын! Сіздердің денсаулықтарыңызды жақсартуға қызмет ете берсін! «Дені саудың – тәні сау» демекші, денсаулықтарыңыз мықты, көңілдеріңіз шаттықта болсын!,-деп ізгі тілегін білдірді.

Қуанышты сәтте Қаби Смайлов қария құттықтау сөз сөйлеп, алқызыл лентаны Оралбек Нұрбековпен аудан әкімі кесті.

«Кәсіп болмай, нәсіп болмас» демекші, әр кәсіпкер өз ісін бастайтын уақытта оның тұтынушылар үшін қаншалықты қажет екенін ойлағаны тиімді.

Дегерездегі дәріхананың құрылысы 2018 жылы басталып 2021 жылы аяқталып отыр. Дәріхананы «Қайыс» ЖШС директоры Орка Сейтбаев ашуда. Бүгінде 3 жұмысшы тіркеліп жұмыс жасауда. Алдағы уақытта 5 жұмысшы алу жоспарында бар.

Сондай-ақ елді мекендегі тұрғындардың дені төрт-түлік ұстап, оны негізгі күнкөріс көзіне айналдырып отыр. Кейде бағып отырған төрт-түлік ауруға шалдығып, оларға да дәрі-дәрмек қажет болып жатады. Мұны да ескерген аудан басшысы Марат Сұлтанғалиев күн тәртібінен осы жәйтті түсірген емес. Барынша мүмкіндік жасау үшін, жан-жақты амалдарын да қарастыруда екендігін айта кеткен жөн болар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.