Жамбыл ауданында көпбалалы екі отбасы баспаналы болды

0 0

Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласы күні мерекесі қарсаңында Жамбыл ауданында жергілікті жұртшылықтың демеушілігімен көпбалалы екі отбасы баспаналы болды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы аясында бой көтерген Гродеково және Өрнек ауылдарындағы баспананың кілттерін аудан әкімінің орынбасарлары Ерлан Қыдыралыұлы мен Олжас Баққараев отбасыларға табыс етті.

Сондай-ақ, тұрғын үйге қол көмегін берген азаматтарға аудан әкімі Сәкен Арубаевтың Алғыс хаты табыс етіліп, ыстық ықыласы жеткізілді.

Өз кезегінде қуанышқа кенелген отбасылар елеп-ескеріп, көңіл сарайының есігін ашқан кілең жайсандар мен жақсыларға алғыс-алқауын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.